"Әлеуметтік әділетті қоғам" мәселесі тақырыбын талқылау
24 қазан күні Мүмкіндігі шектеулі жандармен "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында "әлеуметтік әділетті қоғам мәселесі" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Жылыой ауданы "Мүгедектер қоғамының" жетекшісі Қ. Еңсепов жүргізіп отырды. Кездесуге санитарлық талаптарды сақтай отырып, 20 ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Сонымен қатар кездесу барысында Мүгедектер қоғамының инстаграмм әлеуметтік желісі тікелей эфирде қосулы болды.
