«Әлеуметтік-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі
«Адалдық алаңы» - «Өңірлер - жемқорлықтан азат» жалпы республикалық жобасы аясында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығы сияқты мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын «Әлеуметтік-адалдық алаңы» атауымен әлеуметтік блок мәселелерін шешу үшін алаң құрылды.
Міндеттері - мемлекеттік органдардың парасаттылық құндылықтарын ілгерілету және халық мәселелерін жедел шешу.
Бүгін барлық 4 мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, онда «Әлеуметтік - Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.
Барлық сұрақтар бойынша 50-29-83, 8-775-142-52-40 телефондары арқылы хабарласуға болады, байланыстағы тұлға жобаның кураторы - Дощанова Асия Рашидқызы.
