Әлемнің ең озық университеттері
Жылма жыл КЮЭС рейтингі әлем университтетерін бақылап, онда дәріс алып жатқан оқырмандардың білім сапасы мен жұмысқа орналасуына қарай баға беріп отырады.Соған орай, әлемнің ең беделді университтеттері атағына ие болған оқу орындарының тізімі жарияланды. Топты бірінші болып жарған Массачусетс Техникалық институты.Нөмірі бірінші техникалық институт бүгінде Америка Құрама Штатттарының Кембридж қаласында, Массачусетс 77 мекен-жайы бойынша орналасқан. Институт қабырғасы 1861 жылы қаланған. Массачусетс Техникалық Институтының басты мақсаты білімгерлерді 21-ғасырдың талабына сай оқыту, әлемді алға жетелейтін ғылым мен технологияның сырын ашып зерттеу. Институтта ең беделді мектеп ретінде инженерия мамандықтары танылған. Бұл мектепке 19 бағдарлама бойынша 44,5%-ға жуық студент оқуға түседі. Тізімнің келесі сатысында ғылым мектебі орналасқан.
Неге Массачусетс Техникалық Институты әлемнің нөмірі бірінші жоғарғы оқу орны деген сұрақ туындағанда, бұл сұраққа сарапшылар былай жауап береді:
Массачусетс Техникалық Институты кәсіптік деңгейді өркендету үшін,
біріншіден, оқыту мен зерттеу салаларын біріктірген, екіншіден, бар зерттеу бөлімдерін әлемнің көкейкесті мәселелерін шешуге бағыттаған.
Институттың бес мектебі және бір колледжі 34 академиялық салаларды, бөлімшелерді, түрлі орталықтар мен бағдарламаларды, және лабораторияларды камтиды.
Массачусетс Техникалық Иститутының білімгерлері әлемнің ең беделді компанияларында жұмыспен камтылған. Бұл компаниялардың қатарына Google, IBM, Microsoft, Oracle, Apple, Intel корпорациясы, Boeing жатса, бұдан басқа институт білімгерлері Гарвард және Стэнфорд сияқты беделді оқу орындарында жан жақты қызмет істейді.
Институттың түлектері инженерия, ғылыми зерттеу, оқу ағарту ісі, кәсіпкерлік, информациялар технологиясы, финанс, мэнеджмент салалырында жұмыс істейді.

