Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемде Жапон әдебиетінің орны

Соңғы 50 жылдың ішінде жапон әдебиеті үлкен өзгеріске ұшырады. Шығармалардағы жапон әдебиетінің контексті қатты өзгерді. Бұдан 20-30 жыл бұрын жапондықтарға жапон тілін бідетін шетелдіктерге қатты таң қалған. Ондай кісілерді «жыртқыштар» деп атап кеткен. Неге десеңіз, олардың жапон тілін біліп тұруы өте сирек нәрсе болды. Оған қоса, жапон жазушылары өздерінің шығармаларын басқа адамдар оқитындығын мүлдем ойламаған. Тіпті жапон тілінде оқуы - сене алмайтын жағдай болды.


 

Бірақ қазір барлығы өзгерді. Жапондықтар өздерінің тілі мен мәдениетін өздерінен де жақсы білетін шетелдіктерге таң қалмайды. Сонымен қатар, жапон тілінде жазатын шетел жазушылары мен шет тілдерде жазатын жапон жазушылары пайда болды. Сол себепті, жапон әдебиетін басқа елдердің әдебиетінен ажырататын және шеттейтін ара-қашықтық жоғалды. Осыған байланысты жапон әдебиетін енді «экзотика» деп айта алмаймыз. Жапон әдебиеті әлем әдебиетінің бір бөлігіне айналып, барлық әдебиет бағытындағы жаңалықтарға және өзгерістерге белсенді қатысып отыр.


Әлем әдебиетіндегі Ясунари Кавабата мен Оэ Кэндзабуро

 

Бұның бірі ретінде жапондық жазушылардың Нобель сыйлығына ұсынылуы мен оны алуы болып табылады. Ол кісілерге Оэ Кэндзабуро мен Кавабата Ясунариды жатқызамыз, бұл екі жазушы жалғыз сыйлыққа ұсынылғандар. Ясунари Кавабата сыйлықты 1968 жылы алса, Кэндзабуро Оэ 1994 жылы, яғни 50 жылдан кейін алды.

 


Ясунари Кавабата

 

Оэ Кэндзабуро

 

Жазушылар қоғамына әлі күнге дейін Кавабата Ясунаридің Нобель сыйлығына байланысты «Аимаи на нихон но ватаси» лекциясы есіне түседі. Бұның мәні - «аса түсініксіз Жапониядағы мен». Осындай стилі үшін ол Нобель сыйлығына ие болған шығар. Себебі, Еуропа елдерін таң қалдырып, бір керемет жапон әдебиетін көрсете алған, жеткізе алған жазушысы болды. Еуропалықтар үшін Жапон мемлкетінің өзі бір «ғажайып» болды. Ал әдебиетінен одан да көп күткен. Ясунари Кавабатаға Нобель сыйлығын бергені де сол үміттерін ақтай алғанынан болар. Егер Эдвард Саидтың теориясына келетін болсақ, Кавабатаны «ориентализм»-де сынауға болады. Бірақ, бұл жерде ол жапондық әдебиетті емес, өзінің Ясунари Кавабатаның әдебиетін көрсеткісі келді. Сонымен бірге, Оэның өз стилінде жазып, Нобель сыйлығын алуы жапон әдебиетін әртүрлі қырынан көрсете бастады. Содан кейін, бүкіл әлем Жапония мен жапон жазушыларын ерекше етіп көрсеткенімен, «жапондық өзіндік эстетика» деген нәрсенің маңыздылығы түсірілді. Егер Кавабатаға Жапонияны бір сөзбен сипаттауды ұсынса, ол оны жеткізе алмай, өзінің идеясы мен жапондық көзқарасты ажырататын еді. Яғни, оны сипаттай алмай, өзін жоғалтып алушы еді. Ал Оэның айтуы бойынша, Жапонияны қазірге кезде  ешқандайда «әсем, керемет, таңқаларлық немесе тамаша» деп сипаттауға келмейді. Оны тек «екі мағыналы» деп айтуға келеді. Яғни Оэ өзін әлемге ашық көрсетеді, «Еш нәрсені бір сөзбен сипаттай алмаймыз, оның әрдайым шикілігі болады» деп айтып кетті.



Ашық болудың өзі басқа түсініктерге оңай қарау, немесе қарапайым түсіндіруге тырысу деген мағына емес. Мысалы айтатын болсақ, Оэ өзінің лекциясында Милан Кундера атты француз жазушысы туралы жиі айтады. Оның «Шутка», яғни « Қалжың» атты шығармасын «Әмбебап болғанымен, әлем әдебиетінің бірден-бір туындысы» деп сипаттайды. Ал «Бессмертие» - «Мәңгілік Өмір» шығармасы қарапайым француз дүниетанымын, көзқарасын көрсететін шығарма ретінде қарастырады. Тіпті Мицуёси Нумано есімді Токио Университетінің доценті де Оэны қолдайды. Яғни, әмбебаптылықты шығарма арқылы беретін жазушылар өздерінің өмір сүрген жеріне, мінезіне байланысты өз туындыларымен жеткізеді. Бір жазушы бір көзқараста болып, тек қана әмбебаптылықты ғана жазатын адамдарда әрқашан басқа да стилі, түсінігі болады. Оларды бәрібір де тек әмбебап жазушыларға кіргізе алмаймыз. Оэ Кэндзабуро болса, өзінің өмірінде көпті көргендіктен, шығармаларында әмбебаптылықты да, өзіндік түсінігін де көрсете біледі. Себебі, ол шет елдің туындыларын ағылшынша және французша оқып, одан да бір түйін алып, өз өміріндегі тәжірибелерін шығармалары арқылы жеткізеді. Кейде Оэ өзінің шабытын Сикоку аралындағы ауылында табады екен.

 



Абэ феномені - жапон әдебиетінің сыртында


Оэ Кэндзабуромен бірге ылғи Абэ Кобоны айтады. Ресейде оның шығармашылығы тез әрі үлкен резонанс тапты. Кеңес Одағы кезінде Абэның шығармашылығы жиі аудырылып, үлкен тираждарда сатылды. Орыстардың өкінішіне орай,  бұл жазушы Нобель сыйлығына ұсынылмай, ерте қайтыс болып кетті. Қазіргі кездің өзінде де оның кітаптарын оқып, тамашалап отырғаны Жапониядағы танымалдылығынан да жоғары. Орыс жапонтанушы, аудармашы әрі жазушы Григорий Чхартишвили Кобо Абэны Кеңес Одағының классигі деп сипаттайды. Бұл айтудың да жөні бар. Себебі, Абэ Ресейде өз отанындағы танымалдылықтан да жоғары дәрежеге  ие болып отыр.

 
 

Абэ Кобоның бір ерекшелігі - ол өзінің шығармаларын жапон этикетін, көзқарасын,  нормаларын елемей, өзіне ғана тән стилінде жазады. Сондықтан, оны ұлттық көқарас немесе әмбебаптылықты көрсетеді деп айтқан қателік болар. Оның шығармашылығы - астарлық қауіптілігін көрсетеді. Яғни Абэның тілі бастапқыда қарапайым әрі логикаға сай болғанымен, ол аудармашылар үшін өте қиын екен. АҚШ-тың  атақты жапонтанушы-аудармашысы Дональд Кин және Польшаның Хенрик Липшиц аудармашысы екеуі де Абэ Кобоның жапон тілін еуропа телдеріне аудару өте күрделі. Себебі, жазушының өзіндік ой-санасы мен түсінігін жеткізу өте қиын.


Бұл жерде айтып кететін жайт, Абэ әрқашан жапон мәдениетінің шектеулерінен, яғни соларға бағынып жазбай, бірақ жапондық ақиқатқа жиі мән береді. Жазушы өз балалық шағын Маньчжурияда өткізгені белгілі. Ол жердегі климат пен мәдениет Жапониядан тым ерекшеленеді. Бұл да Кобо Абэның жазушы ретінде болуына өз септігін тигізді. Жапон көқарасынан өзгеше ойлауы да осыған байланысты. Ол өзінің Жапониядағы өмірін эмиграция деп санаған. Сол себепті, Кобо Абэның шығармашылығын екі жақты деп сипаттай аламыз: ұлттық және халықаралық, ерекше және әмбебап.

 

Оған қоса, американдық немесе басқа да шығу тегі бар, бірақ жапонша жазатын жазушылар пайда болды. Соған байланысты, жапондық және жапондық емес әдебиеттің арасындағы қашықтық онша алыс та емес. Мысалы, Хидэо Ливи мен Швейцарияның азаматы Давид Зоппети, екеуінің шығармашылығына Кобо Абэ ықпал еткен.



 

Қазіргі заман жапон әдебиетіндегі жаңа тұлғалар: Ливи, Мидзумура және Тавада


Ливи(Леви) Хидэо 1950 жылы Америкада, дипломаттың отбасында дүниеге келді. Оның фамилиясынан біле алатынымыз - Жапонияға қатысы жоқ американдық еврей. Балалық шағын әкесі жұмыс істеген Тайванда және Токиода өткізген. Кейін Ливи жапон тілі мен әдебиетін Принстон Университетінде оқып, жапон тілінің маманы болып шығады. Стэнфорд университетінде сабақ беріп, «Манъёсю» антологиясын ағылшын тіліне аударды. Осылайша, ол жапон тілінің маманының орнына Жапонияда өмір сүріп, жапонша жазатын жазушы болып кетеді. Оның «Жапон тілінің жеңісі» атты шығармасы бар. Бұл шығармасымен Ливи әлемге басқаша қарайтын адамдардың пайда болуын айтқысы келеді. Яғни, жапон тіліне қызыға бастайтын адамдардың көбеюін ғана емес, олардың жапон тілінде ойлай бастауы, жаза бастауын көрсеткісі келді.


Жапон жазушыларының арасында жаңа құбылыстар орын алды. Мысалы, Минаэ Мидзумура «Частный роман from left to right» (1995) атты екі тілді романды жазды. Бұл роман Америкада тұрып жатқан екі жапон әпкелі-сіңілі қыздардың телефонмен сөйлесуінен тұрады. Олар Америкада 20 жыл өмір сүргендіктен олардың диалогы көбінесе ағылшынша өтеді. Осылайша екі тіл араласып кеткен бір шығарма шықты. Жалпы солдан оңға дептұрғаны жапондық әдеби шығармалар әдетте жоғарыдан төменге, оңнан солға жазылады. Ешқашан көлденеңнен әрі солдан оңға жазылмайды. Сол себепті, Мидзумара жапон әдебиетінің ережесін бұзып жібереді.


 

Сонымен қатар бір мысал келтіруге болады, Германияда өмір сүріп жатқан Йоко Тавада есімді жазушы неміс тілінде шығармалар жазады. Ол Токиодағы Васэда Университетінде орыс тілі әдебиеті факультетінде оқыған. Бірақ онша жақсы оқымаған екен. Университетті бітіргеннен кейін, Германияға жұмыс істеуге кетеді. Ол жерде неміс тілін үйреніп алып, немісше жазуды бастады. Егер ол Германияның орнына Ресейге барып қалғанда, орысша жазатын алғашқы жапоншы болар еді.



Мураками Харуки - муракамимания

 


Муракамидың шығармалары Ресей кітап нарығына цунами секілді үлкен жылдамдықпен кіріп кетті. 2000 жылдары тек Муракамидың кітаптарын оқыған, тек Мураками туралы сөйлесетін. Тіпті беделді, дәулетті адамдар да Муракамидың кітаптарын оқи бастады.

«Муракамидың кітаптарын орысша оқуға бола ма? Әлде тез арада жапон тілін оқып алып оқу керек пе?» секілді сұрақтар туындады. Оның себебі, халық оның шығармаларын түпнұсқалық түрін оқып көргісі келеді.

 



 

Харуки Муракамидың Ресейдегі сондай әйгілі болғаны - Дмитрий Коваленин есімді аудармашының еңбегі. Оның «Сусинуар» атты кітабында Мураками жайлы мағлұматтар жазылған. Бұғар арнайы термин табылды - муракамитанушылық/муракамитану. 1993 жылы Коваленин жапондық Ниигата қаласында сот агенті ретінде қызмет етті. Жалпы ол кезеңді өзі «қызықсыз» деп атап көрсетті. Оған қоса, сол кездегі жапон әдебиетінің ешқайсысы орыс тіліне аударылмаған болатын. Жақсы жазушыны іздеуде болды.

Коваленин бір күні рок-н-ролл барын кіріп, бармен қызметшісінен сұрағанда, ол Мураками деп жауап берген екен. Сол кезде оның Токиода джаз-бары болған. Осылайша, Коваленин Муракамиды оқып, қатты таңқалады. Оның кітабы өте ұнап, «Охота на овец» кітабын аудара бастады.

 



 

«Біріншіден, бұл кітапта өте қызықты оқиға болды. Екіншіден, екінші бетіне келгенде мен бұл кітаптың авторы жапондық екенін мүлдем ұмытып кеттім. Сонымен қатар, кітапта маған ұқсайтын басты кейіпкер болғаны өте қызықтырды. Үшіншіден, оқып болып, бұл кітапты тек жапондық жаза алды - деген ой бірден келді. Бұл таза дзен болды. Кейде тіпті өзімді жапондық деп сезініп кеткенмін» - дейді Дмитрий.

 



 

Коваленин аударып болғаннан кейін, ары қарай не істерін білмеді. Бақытына орай, сол кезде ғаламтор пайда болып, «Лавка Языков» атты сайтқа енгізіп, күтті. Сайт кішігірім болғандықтан, тез арада таралып кетеді. Муракамиды оқи бастады. Кейін, анонимді түрде Дмитрийге ұсыныс беріледі де , 1997 жылы «Охота на овец» Ресейде қағаз бетіне шығады.

Бірақ ештеңе болмады. Кітап өте аз тиражбен сатылды.

 


Харуки Муракамидың танымал, әйгілі әрі шығармаларының оқитын кезеңге жетуіне әлі 3 жыл керек болды. Осылайша, мураками-бум пайда болды. Шыны керек, орыс оқырмандарына осы керек болған екен. Яғни, оның жапондық колориті, американдық жеткізу стилі, жағымды, бірақ инфантильді кейіпкер, әдеттегі ашық финал оқырманды қанағаттандырмағандығы тағы да оқығысы келетін сезімге апарады. Дәл осы орыс оқырмандарына керек болған нәрсе.

Харуки Мураками секілді адамды метрода кездестіру, әрине, қиын нәрсе, бірақ Нобель сыйлығының салтанаты келген кезде, Ресейде Мураками үшін оның отанынан да көп жанкүйерлері Муракамидың сол сыйлықты алуына сенеді.

 

Шынымен де, бірнеше жыл бойы Нобель сыйлығы үшін жарыста Муракамидан жеңіс қашып кетеді. Букмерекелер оны нобель сыйлығының жарысында лидерлердің бірі деп санайды. Швед академиктерге оған сол сыйлықты беруге кедергі болатындай жағдай бар болғаны шығар. Харуки Мураками өзінің жаңа романын жазған кезде Нобель сыйлығы туралы ойланады ма екен?!

0
0
4741

Осы тақырып бойынша

Әлемде Жапон әдебиетінің орны - Yvision.kz