ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы

⛷ Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында медаль алған алғашқы қазақстандық спортшы

Юлия Галышева он жылдан бері шаңғы могулында Қазақстан атынан табысты көрсеткіштер көрсетіп келеді. Спортшы Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында елге алғашқы болып жүлделер әкелді.

Өскемендік чемпион алғаш рет 2006 жылы халықаралық аренаға шығып, 2010 жылы Францияның Мерибель қаласында өткен шаңғы жарысынан FIS Әлем кубогында бірінші болып жеңіске жетті. Сол жылы Ванкувердегі алғашқы олимпиадалық стартқа да қатысты.

Әлемдік аренада қарқынды және таңғаларлық нәтиже көрсеткен қазақстандық шаңғышы 2018 жылы Пхенчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарында қола медальді ұтты. 2019 жылы АҚШ-та өткен шаңғы фристайлынан FIS Әлем чемпионатында алтын жеңіп алып, Қазақстанға алғашқы тарихи медальдарын әкелді.

Сонымен қатар, биылғы жылы 8 наурызда Алматыда өткен фристайл-могулдан әлем чемпионатында 2 орынға, яғни күміс жүлде иегері атанды.

#ҚазақстанныңАтақтыСпортшылары
#ЗнаменитыеСпортсменыКазахстана
#NurOtan #Almaty