Әлем бойынша күміс жүлдегер Александр Евгеньевич Рубановичпен тікелей эфир өтті.

Бүгін Жетісу аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрайымының бірінші орынбасары Ерлан Искандарұлы Давов және ешқандай кедергіге, қиыншылыққа мойынұсынбай, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық өмірде белсенді, көпке үлгі болып жүрген ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі жан Әлем бойынша күміс жүлдегері және Азия чемпионатының қола жүлдегері үстел теннисінен және армрестлингтен спорт шебері Александр Евгеньевич Рубанович және жұбайы Александра Дмитреевна Рубановичтың қатысуымен өз өмірінің естеліктерімен және мүмкіндігі шектеулі бола тұра, басына түскен қиындықты, қайтпас қайсарлығымен бөлісті.

Александр ол өзінің рухының мықтылығының арқасында қиындыққа мойынсұнбаған. Керісінше, спортты жанына серік етіп, осы салада жетістіктерге жете білді . Олардың қай-қайсысы болмасын, қазіргі заманның батырлары деген атқа лайық. Себебі олардың өмірлік жолы ауыр болса да, өз саласында жетістікке жетуімен үлгі көрсете білді. Біз мұндай жандарды құрметтейміз. Бүгінгі жастарға үлкен үлгі-өнеге көрсете алды.
Бұл кездесу «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалының Instagram және Facebook @nur_otan_jetisy аккаунттарынан көре аласыздар.

@nur_otan_jetisy

