Латын әліпбиіне көшу бойынша оқыту семинары өткізілді
2019 жылдың 22 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу бойынша оқыту семинары өткізілді.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
