Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Құлан жолдары"ЖШС -нің жұмысшыларымен кездесу.

15 желтоқсан күні Т.Рысқұлов аудандық М. Өзбеков атындағы мəдениет үйінде аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Н. Базарқұлов, М.Айнақұлов, А.Касеналиева, А.Баймуратова, С.Кулманов, М.Мейманханов, С.Далибаева "Құлан жолдары" ЖШС - нің жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты - партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсіндіру. "NUR OTAN" партиясының кешегі өткен съезі үлкен бастамаларды қолға алуды міндеттеп берді. Бұл міндеттелген 4 басымдық партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымдары. Партия қай кезде болмасын əлеуметтік саясатты басты назарда ұстайды, халық үніне құлақ түреді. Алдағы кезеңде де осы басымдықтармен халық игілігі үшін жұмыстар жүргізіледі"-деп аудандық мəслихат депутаттығына кандидат А.Баймуратова қатысушыларға сайлауалды бағдарламаны кеңінен түсіндіріп берді. Одан əрі сөз алған кандидаттар да бағдарлама аясында ой бөлісті. Кездесуге қатысушылар да өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

0
0
160

Осы тақырып бойынша

"Құлан жолдары"ЖШС -нің жұмысшыларымен кездесу. - Yvision.kz