Ләззат Абдраймова кәсіпкерлермен онлайн кездесу өткізді
"Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен Атамекен" КҰП-ның Ойыл аудандық филиалының директоры Ләззат Абдраймова кәсіпкерлермен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үш бағытын іске асыру тақырыбы талқыланды.
●Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
●Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
● Үшінші бағыт; Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту; Аталған бағыттар бойынша ақпараттар берілді.
Сонымен қатар мемлекеттен қайтарымсыз гранттарға ие болып кәсіптерін дөңгелетіп, табыс тауып отырған тұлғалармен шаруаларының ауқымын кеңейтуге түрлі ұсыныстар айтылды. Жеке кәсіп ашып өзін-өзі қаржыландырудың тиімді тұстары көрсетілді.
