Ләйлә Сұлтанқызы да «кішкентай жұлдызшалардың» бұл өмірде жарқырап тұруына өз жәрдемін берді!

Біз де, Сіздің қазақ телевизиясындағы «Балапан» тұңғыш балалар телеарнасы директорының іс-әрекетін қолдап, дүние есігін ерте ашқан кішкентай бөбектердің періштесі болатынына кәміл сенеміз. Сіздің азғантай ғана үлесіңіздің өзі кішкентай «жұлдызшаларымызды» жарқырататыны анық!
«Періште» жобасының аясында, біз, Алматыдағы перинатальдық орталыққа арнайы офтальмологиялық лазерді сатып алған болатынбыз. Міне, осы құрылғы арқылы мерзімінен ерте туылған екі сәбидің көздеріне сәтті ота жасалды. Кеше, 12-ші қарашада тағы бір офтальмологиялық лазер «Астана қаласы әкімдігінің №1 Перинатальдық орталығына» сыйға тартылмақ. Жыл соңына дейін мұндай лазер Өскемен қаласындағы «Ана мен бала орталығына» жеткізілетін болады.
