Әл-Фараби мұрасы жастар көзімен.
Бүгін Алмалы ауданының жастары ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ZOOM платформасында онлайн конференция ұйымдастырды.
Кездесуге 50-ден аса жастар қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында жастар арасында ғұламаның философиялық ойларын талқыға салу, ғылыми мұраны зерттеу және жастардың философ еңбектері туралы пікірлерін тыңдау.
