Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1934-жылы құрылған. Әлемнің үздік 500 жоғары оқу орнына кіреді. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Жыл сайын 20 000-нан астам студенттер оқу бітіреді. Университеттің ауқымы өте үлкен. Қазақстандағы ең үлкен университет. Университет студенттерге көп мүмкіндіктер береді. Тіпті, студент үшін ерлікке де барады деп айтсақ болады. Мысалы, филология факультетіне бір студент оқуға түскенде ол француз тілін бірінші басты тіл етіп таңдауымыз келген, ал оқу орнында француз тек екінші тіл ретінде жүреді екен. Университет осы бір студент үшін жаңа мамандық ашты. Яғни, француз тілін бірінші тіл, ағылшын тілін екінші тіл етіп бір топ ашылды. Одан бөлек магистратурада 2 апта шетелге тағылымдамаға, ал докторантурада 3 айға жібереді. Жалпы білім іздеген студентке көп жеңілдіктер, мүмкіндіктер бар. Университет Office 365, MIcrosoft Office, Power Point, Excel қосымшаларына оқу уақытында тегін логин, пароль береді. Студенттер мақалаларын, ғылыми жазбаларын университет ішіндегі Ақанов оқулары, студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясына жариялай алады. Оқу орнының студенттер көретін арнайы сайт, платформасы бар. Онда бағалары, анкеталары, жеке мәліметтері, оқу орнынан жаңалықтар, электрондық қызметтер, кітапхана, Кайдзен, Оксфорд академикалық журналы бар. Студенттер өз бағаларын көре алады, оқытушыларға баға бере алады және оқылатын пән бойынша өтілетін тақырыптарды алдын ала біле алады. Оқу орны жұмыс істегісі келетін студенттерге BEAM.KZ, www.asdecor.kz сайтын ұсынады. IT әуесқойлары үшін «Farabi Digital» студенттік IT конференциясы болады. Денсаулық сақтау саласы бойынша Cochrane Library, Wiley вебинарлары өтеді. Физика-техникалық факультет үшін «Qualitative Education within the un Programme: Sustainable Development Goals» атты конференция өтеді. Ал қазақ тілі мен әдебиет сүйек қауым үшін «БАРЫМ ДА, БАЗАРЫМ ДА ҚАЗАҚ ТІЛІ» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Османмен кездесу кеші, «Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан – тәуелсіз ел мәңгілік!» атты Республикалық зияткерлік-танымдық ОЛИМПИАДА, Абай Құнанбайұлы мен Мақтымқұлы Фраги шығармашылығына арналған әдеби кеш, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты және «Көкжиек» клубының ұйымдастыруымен «Абай ілімі» пәні аясында белгілі ақын Әлібек ШЕГЕБАЙМЕН «ҚАРА СӨЗ ҚАРА ӨЛЕҢГЕ АЙНАЛҒАНДА» атты шығармашылық кездесу сияқты іс-шаралар өткізіп тұрады. Орыс филологиясы студенттері үшін «Орыс тілі сабағында студенттерге тұрақты даму мақсаттарын оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбындағы ашық сабақ және «TED-x»форматында өтетін конференциясы өткізілді. Жас ғалымдардың ғылыми жарияланымдарды жазуға бағыт, идея, мотивация беру үшін «Scopus және SciVal құралдарын ғылыми жобалар және мақалалар жариялау үшін қалай пайдалану керек» тақырыбында Scopus бойынша семинар-тренинг қазақ тілінде және орыс тілінде өткізіледі. Менің ойымша осы оқу орнын оқи жүріп, оқу орнында да көп белсенділік танытуға болады. Кез келген қиын тапсырманы шешуге болады. Себебі, оқу орны қолдан келгенше барлық мүмкіндіктерді ұсынған. Меніңше, оқуға барып келіп, ауызға салған нанды жұту керек сияқты. Өзі осы оқу орнына ең бірінші ауқымы мен берілген мүмкіндіктеріне қатты қызығып грантқа түстім. Беретін жәрдемдері басқа оқу орындарынан бәрібір епекшеленіп тұрады. Осы оқу орнына түскеніме қуанамын. Оқу орнының жас білім іздеушіге білім жолында көп талпынуға, еңбектенуге берері өте көп. Бос білім гранттарын ақылы бөлімде оқитын студенттермен тез арада толығып отырады және жарияланып отырады. Оқу орны Олжас Сулейменов, Нурлан Оразалин, Рахман Алшанов, Абдрасул Жарменов, Арманжан Байтасов, Асылбек Кожахметов и Нурлан Смагулов секілді атақты түлектерімен мақтанады.
Филология факультеті, шетел тілі: екі шет тілі мамандығы
Ержан Мадина Ержанқызы, магистрант
5.06.2023
