Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздегі ең үздік университеттерінің қатарына кіреді. Қазақ ұлттық университеті - «World University Rankings» QS халықаралық рейтингісінде әлемдегі ең жоғарғы университеттердің 210-ына кіретін Орталық Азиядағы жалғыз университет. ТМД елдерінің университеттері арасында «QS WUR by Subject» пәндік рейтингісінде әлемдегі ең жақсы университеттердің 51-100 тобына кірді. ҚазҰУ-дың рейтингтерде сәтті, маңызды факторы - ауқымды құрылымдық модернизация, нәтижеге бағдарланған басқарудың жоғары тиімділігі және бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы, соңғы бес жылда 50% -ға өсті. Университетіміз «Алтын Сапа» белгісімен марапатталған.
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің атын иемденген іргелі білім ордасы 180 сала бойынша білікті мамандар даярлайды. Университетімізде бірнеше жоғары білікті оқытушылар, ғылым докторлары, философия докторлары, кандидаттар, академиктер, аға оқытушылар бар. Білім беру ісі Болон реформасымен сәйкес жүргізіледі, оқыту кредиттік жүйе бойынша іске асады. Корпоративті Интранет жүйесі жолға қойылған. Ел тарихындағы талай тұғырлы тұлғаларды, қайраткерлерді, жоғары лауазымды тұлғаларды түлеткен білімнің қарашаңырағы - Қазақ ұлттық университеті! Айта кетер болсақ, Мырзатай Жолдасбеков, Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Нұрлан Оразалин, Зейнолла Қабдолов, Қадыр Мырза Әлі, Әзілхан Нұршайықов, Қайрат Мәми, Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев және тағы да басқа көптеген ірі тұлғалар білім алған орда. «Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері» кафедрасында биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап, «The poems of Abay in the world of literature» атты семинар кеші өтті.
Халықаралық ынтымақтастық аясында білім ордамызда жыл сайын түрлі іс – шаралар, кездесулер, инновациялық жобалар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, форумдар, фестивальдер, олимпиадалар, симпозиумдар өтіп тұрады. Бұл – үлкен жетістік! Халықаралық ынтымақтастықты арттырудың тағы бір формасы – университет қызметкерлерін және білім алушыларын шетелге білім, білік, дағды және ғылыми іс-тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндіктер туғызады. Ғылыми іс-тәжірибе барысында оқытуға байланысты ақпараттар жинау, білім берудің озық тенденцияларын алу, шетелдік білім беру мен отандық білім беруді салыстыру, зерттеу, ғылыми жұмыстарға даярлық жасай алады. Қазақ ұлттық университеті ERASMUS, БОЛАШАҚ бағдарламаларымен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.
ҚазҰУ қалашығына келер болсақ, студенттердің білім алуы үшін жағымды жағдайлар жасалған. ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, дәрісханалар мен зертханалар, лингофонды кабинеттер, студенттерге қызмет көрсету орталығы, студенттер үйі, спорт кешендері бар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білікті, ізденімпаз, талапшыл, шығармашыл, жан-жақты, тілмаш, қабілетті студенттердің мекені мен ордасы. Қара шаңырағымыз әлі талай жетістіктерге, белестерге және де Қазақстанымызды көркейтер білікті мамандар даярлап шығарына сөзсіз сенімдіміз. Алға, ҚазҰУ!
Магистрант: Әзімхан Фариза Талғатқызы.
Ғылыми жетекші: Жамбылқызы Марина. PhD докторы.
