Квазимемлекеттік сектордағы кездесу
2019 жылдың 08 қараша күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Урал Ойл энд Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізді.
📷Шараға департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік аппараттағы этика нормалары, қоғамдағы адалдық, мемлекеттік органдардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы баяндама оқыды.
📷Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
