Круглоозерное кентінің тұрғындарымен кездесу өтті
2020 жылғы 13 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Серік Мұхамбеталиев пен Сергей Доля Круглоозерное кентінің тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Үміткерлер көшбасшы партия тарапынан бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстарға тоқталып, азаматтардың сауалдарына жауап берді. Кент тұрғындары жол, тұрғын үй, қаладан қатынайтын №51 маршруттың желілік кестесіне байланысты мәселелерді қозғады. Бірқатар мәселелерді үміткерлер жауапты мекемелермен бірлесе бақылауға алатындарын жеткізді.
