Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Коронавирус жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы

2020 жылдың 22 мамырында «Antikor ortalygy» сервистік орталығында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы Мустиевтің қатысумен брифинг өтті.

Облысымызда коронавирус жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз. 22 мамырдағы жағдай бойынша облысымызда 360 коронавирус жұқпасы тіркелді. Оның ішінде 248 жағдайы сырттан келген болып есептелсе (Ресей Федерациясы, Атырау облысы ), 110 жағдайы қарым қатынаста болу арқылы жұққан деп саналады.

Жазылып шыққандардың саны 210 науқас.

Облысымыздағы карантин режимі облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 25 мамырға дейін сақталады. Оның тоқтатылуы мен созылуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Облысымызда кәсіпкерлік нысандармен санитарлық-дезинфекциялық, профилактикалық шараларды сақталуын қарау үшін мониторингтік топтар бақылау жасауда.

Брифинг барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

1
0
323

Осы тақырып бойынша

Коронавирус жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы - Yvision.kz