"Кооперативный" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті
"Кооперативный" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер "Кооперативный" БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.Олар: Экономикалық тұрақты аудан. Жайлы аудан. Әлеуметтік бағытталған аудан.Жастарға арналған аудан. Тарих пен мәдениетті дамыту. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.Қауіпсіз аудан. Бұлардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау,-деп сөзін сабақтады үміткер.Тұтастай алғанда, 5 жыл ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік қолдау шаралары 2 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді»,- дей келе Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының да табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік өнімдерімен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өзекті болып табылады. «Nur Otan» партиясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және фермерлерге барынша қолдау көрсету міндетін қойып отыр деді үміткерлер.
#NUROTAN
#JenimpazBol
#nurotanғадауысбер
