Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конвассинг аясында абыз ақсақалмен кездесу.

"Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол -тіршілік арқауы "-, деп Б.Франклин айтқандай, сырғып жатқан әр кезеңді босқа өткенін қаламайтын, Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ленин", "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері, Күршім, Самар аудандарының "Құрметті азаматы" абыз ақсақал Ахмадиев Ахметкәрім ақсақалмен КАНВАССИНГ аясында кездесіп, сайлауалды бағдарламалар аясында ауданның дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, "Наурыз мейрамы" мерекесімен құттықтадық.

Жастайынан еңбекке араласып, алапат соғыстан кейін де 27 жасынан басшылық қызметтерді атқарған ақсақалдың, бүгінгі жастарға айтары, берер ғибратты істері өте мол. Оны дәріптеу, өскелең ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Ауданымыздың нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін төрт мәрте облыстық кеңестің депутаты, Қазақстан Компартиясының Х съезінің делегаты болып сайланған. Бүгінде "Nur Otan" партиясының аудандағы беделді, ең жасы үлкен мүшесі ретінде әр уақытта өзінің салиқалы ойларымен бөлісіп отырады.

Жастайынан жетім қалып, алапат соғыста, одан кейін соғыстан кейінгі қиранды экономиканы қалпына келтіру, колхоз, совхоздарды дамыту, егемендікті алып тәуелсіздігімізді нығайту секілді тарихтағы айтулы кезеңдердің куәгері қазыналы қартымыз Ахметкәрім ақсақал "Өмір-серуен, адам-көшкен керуен" атты кітабын 90 жастан асқан шағында шығарып, өнеге алар сырларымен бөлісті. "Ардагерлерді ардақтайық " партиялық жобасы аясында абыз ақсақалымызды Күршім ауданы әкімінің орынбасары Е.Шораяқов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Карапетянмен бірге "Наурыз мейрамымен" құттықтап, сыйлық тарту еттік.

0
0
199

Осы тақырып бойынша

Конвассинг аясында абыз ақсақалмен кездесу. - Yvision.kz