Конституция – құқықтық мемлекетті құрудың негізі

А.ж. 28 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Қазақстан Республикасы Конституция күні мемлекеттік мерекесіне орай «Конституция –құқықтық мемлекетті құрудың негізі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
Іс-шарада облыстық аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар құқық қорғау органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Конференцияны аша отырып, Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Конституция тәуелсіздіктің ажырамас атрибуты ретінде қоғамдық және саяси жүйесінің іргелі негіздерін бекітетінін атап өтті. Конституцияның басты міндеті тұрақтылықты нығайтуда, халықтың әл-аухатын көтеруде және демократияны дамытуда тұрады.

Конференция барысында мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы конституциялық қағидатына ерекше назар аударылды. Еліміздегі сот билігі институтының жұмыс істеуі туралы Солтүстік Қазақстан облыстық соты төрешісі - Серікжан Жалелұлы Ғабдулин баяндады. Өз кезегінде, Тимирязев ауданының №17 сайлау округінің облыстық мәслихаттың депутаты Айман Серікқызы Асанова конференцияға қатысушыларды жергілікті өкілді органдардың функцияларымен таныстырды.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының әдеп жөніндегі уәкілі Дулат Қаратайұлы Тайшабай баяндама жасады. Ол қызметшілермен Әдеп кодексін сақтау бойынша ақпарат ұсынды. Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметкерлерді еліміздің Ата Заңында салынған заңдылық, қазақстандық патриотизм қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Біздің еліміздің конституциясы халықтың бірлігін нығайтты. Ұлтаралық бейбітшілік пен келісім тәуелсіздік жылдары Қазақстанның үлгілі көрсеткіші болды. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі туралы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Людмила Александровна Гривенная сөз сөйледі.

«Конституцияны сақтау – бұл мемлекеттің үделі дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі және еліміздің жарық болашағы» - деп, Ғалым Сұлтанұлы конференцияны қорытындылады.
