Конституция — қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі!

Ағымдағы жылғы 25 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық хатшылығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Қазақстан Республикасының Конституциясы – жетістіктер іргетасы және қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Азаматтық сектор өкілдерімен пікір алмасуды орнатуға бағытталған шараға, республикалық саяси партиялар облыстық филиалдарының басшылары мен белсенділері қатысты.
Азаматтық қоғам институтының дамуында 20 жылдық тарихы бар, негізгі Заңның маңызын атап өткен Департамент басқармасының басшысы С. Зайцева: «Конституцияның барлық қуатын еліміздің өркендеуін қамтамасыз ететін жаңа заңдар мен құқықтық нормаларға арнауымыз қажет. Осы бағытта мемлекеттік және азаматтық сектор бірігіп жұмыс атқаруы тиіс» - деді.
Мемлекеттік қызметтің кәсібилігін қамтамасыз етуді және халыққа мүлтіксіз қызмет етуді мақсат еткен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі туралы өңіріміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары баяндап берді.

Дөңгелек үстел барысында конституциялық құқықтарды жүзеге асыру, мемлекеттік басқаруға қатысу, сонымен қатар қоғамдық бақылау институтының заңды мүддесін қорғау және дамытуда жөрдемдесу мәселелері талқыланды.
Бұл орайда заңнамаға негізделу қажет. Сондықтан кездесуге қатысушылар нормативтік-құқықтық базамен бекітілген, азаматтық бақылау жүйесін қалыптастыруда «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы орынды деп бір ауыздан келісті. Мұндай құжаттың мемлекет дәрежесінің нығаюына және мемлекеттік аппарат жұмысы сапасының артуына септігін тигізетіні сөзсіз.
Ал өзара бірлестік шаралары туралы өз пікірін жеткізген, «Қазақстан коммунистік Халық партиясы» Солтүстік Қазақстан Комитетінің төрағасы С. Мартемьянов: «Мемлекеттік реформаларды қабылдауда және жүзеге асыруда, соның ішінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қазақстандықтар өз маңыздылығын түсіну үшін, біз азаматтық сектордың өкілдері мемлекетпен қарым-қатынас жасауда оларға қолдау көрсетіп, конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеміз» - деп, ағынан жарылды.
Жиын соңында бірлескен әрекет бойынша ұсыныстар жасалып, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен өңіріміздегі саяси партиялардың филиалдары өзара әріптестік туралы Келісімге қол қойды.

