Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конкурстық іріктеудің ашықтылығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен 2017 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы  Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында «Жайық- Пресс» ЖШС-нің базасында   Батыс Қазақстан облысы аудандарының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «Конкурстық іріктеудің ашықтылығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі  бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған  шараға «Жайық таңы», «Бөрлі жаршысы», «Орда жұлдызы», «Жаңарған өңір», «Ауыл тынысы», «Ауыл айнасы», «Екпін», «Қаратөбе өңірі», «Сырым елі» газеттерінің  өкілдері және т.б.қатысты.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазин ҚР Президентінің жарияланған реформалары еліміздің барлық орталарында кең көлемде талқыланып, жаңа кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құру бірінші реформада айқындалғанын ескере кетті. Бұл ретте реформаны жүзеге асыруда баспасөз құралдарының басты ролі көрсетіліп, мемлекеттік қызметке іріктеуде және өткеруде бақылаушылар институтының ролі туралы айтылды.

Сонымен қатар, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты бойынша Департамент қызметкері Р.Мұратов сөз сөйледі.

Іс шараны қорытындылай келе қатысушыларда туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

 
0
0
407

Осы тақырып бойынша