Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Конфессияаралық келісім аллеясы"

Бүгін Астана қаласының әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен тұңғыш Президент саябағында "Конфессияаралық келісім аллеясы" ашылды. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Астана қаласының мәслиxатының депутаты Мирас Шекенов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің xалықаралық орталығының директоры Абуов Айдар және Астана қаласының діни бірлестіктерінің көшбасшылары қатысып, бірлесіп ағаш отырғызды. Іс-шара "Астана -таза қала" акциясы аясында өтіп, қала тұрғындары және қонақтарына конфессияаралық келісім мен бейбітшілікті насиxаттайтыны анық! #Удр_Астана #Астана_таза_қала #бейбітшілік_және_келісім

0
0
314

Осы тақырып бойынша

"Конфессияаралық келісім аллеясы" - Yvision.kz