Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Конференция нәтижелері бойынша ақпарат

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің базасында ағымдағы жылдың 12 наурызында Департамент басшысының орынбасары А.Қ. Душанованың, Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ж.Е. Шөкімнің, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының емдеу – алдын алу ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Ю.Ю. Огайдың, "Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасы" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі С.Е. Жұмабаевтың, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің МӘС бөлімдерінің басшылары мен мамандарының, облыстың қалалары мен аудандарының емханаларының ДКК төрағаларының қатысуымен "Көз патологиясы бар пациенттердің мүгедектігінің өзекті мәселелері, көру функциялары бұзылған адамдарды оңалтудың қазіргі заманғы әдістері" тақырыбында тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында мүгедектерге медициналық оңалтуды жүргізу бөлігінде медициналық қызмет көрсету сапасына, көз патологиясы бар адамдарға мүгедектікті анықтау проблемаларына, көз патологиясы бар мүгедектер санының өсуіне, пациенттерді қайта жіберу кезінде мүгедектік топтарының "ауырлауы" және қайта куәландыру кезінде жүргізілген оңалту нәтижелерін бағалауға қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Қостанай қалалық офтальмологиялық көп бейінді аурухананың қызметі, тұрғындарға диагностикалық және емдік көмек көрсету көлемі туралы баяндама тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың тәжірибелі дәрігерлерінен, мемлекеттік органдардың өкілдерінен мүгедектерге медициналық оңалтуды жүргізу, көз патологиясы бар адамдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы және негізделген бағыттарын бақылауды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

-----------------------------------------------------------

На базе Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции МТСЗН РК по Костанайской области 12 марта т.г. состоялась практическая конференция на тему «Актуальные вопросы инвалидизации пациентов с патологией глаз, современные методы реабилитации лиц с нарушением зрительных функций» с участием заместителя руководителя Департамента Душановой А.К, заместителя руководителя Департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг Костанайской области Шоким Ж.Е. руководителя отдела координации деятельности лечебно – профилактических организаций Управления здравоохранения акимата Костанайской области Огай Ю.Ю. заведующего отделением КГП «Костанайская городская офтальмологическая многопрофильная больница» Жумабаева С.Е., руководителей отделов МСЭ Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области, председателей ВКК поликлиник городов и районов области.

В ходе конференции были рассмотрены актуальные вопросы, касающиеся качества оказания медицинских услуг в части проведения медицинской реабилитации инвалидов, проблем установления инвалидности лицам с патологией глаз, статистические данные по росту числа инвалидов с глазной патологией, «утяжелению» групп инвалидности при повторном направлении пациентов и оценки результатов проведенной реабилитации при переосвидетельствовании.

Заслушан доклад о деятельности Костанайской городской офтальмологической многопрофильной больницы, объему проводимой диагностической и лечебной помощи населению. По итогам конференции внесены предложения от практикующих врачей медицинских организаций, представителей государственных органов по проведению медицинской реабилитации инвалидов, осуществлению контроля за своевременным и обоснованным направлениям лиц с глазной патологией на медико-социальную экспертизу.

0
0
265

Осы тақырып бойынша

Конференция нәтижелері бойынша ақпарат - Yvision.kz