"Конденсат" АҚ мемемесiнiң қызметкерлерімен кездесу өтті
Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Муфтеева Нурия Саламатовна "Конденсат" АҚ мемемесiнiң қызметкерлерімен кездесті.
Нурия Саламатовна Қ.Тоқаевтың
"Бірінші қағидат – ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ.
Біз саяси жаңғыруды жүйелі түрде жалғастырамыз. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін жақсартамыз. Сот билігінің тәуелсіздігін нығайтамыз. Құқық қорғау саласында түбегейлі реформа жүргізіп, армиямыздың қорғаныс қабілетін арттырамыз" деп айтқан сөздерін баяндап берді.
Қызметкерлер Қ. Тоқаев туралы өз ойларымен бөлісе отырып сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтындарын айтты.
#Toqaev2022




