Компьютерлендіру мәселелері бойынша кездесу
Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру саласына қомақты әсерін тигізді. Қазіргі таңда білім беру мекемелері, оқушылар мен педагогтар қашықтықтан оқыту үдерісіне бейімделген.
«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шолпан Ахметовамен ауданның білім беру саласын цифрландыру және компьютерлендіру мәселелері бойынша проблемалық тұстарды талқылады.
Шолпан Хасенқызының мәлімдеуінше бүгінгі күні ауданның білім беру жүйесінде STEM-білім беру белсенді даму үстінде, ағартушылық робототехниканы дамытуға ерекше назар аударылады. «Білім беру саласын цифрландыру» жобасы аясында «Бағдарламалау негіздері», «Робототехника» элементтері Шортанды №3, Дамса, Бозайғыр, Жолымбет №1 және Новокубанка орта мектептерінде оқытудың факультативтік топтар жүргізілуде.
Ахмедия Шабданұлы республика бойынша «Nur Otan» партиясының жаңа бастамалық жобалары басталғанын айтты. Олардың ішіндегі ең басты жобалардың бірі «Балалар үшін тегін IT-сыныптар болып табылады. Оқушыларды бағдарламалау, веб-сайттар және робототехника бойынша IT-кабинет Шортанды №3 орта мектебінде ашылған. Өткен жылғы қаңтар айынан бастап ауданның барлық мектептерінде IT-сыныптар ашылды. Облыстық бюджеттен үйірмелік жұмыстар бойынша мұғалімдерге төлем үшін 4 млн.330 мың теңге бөлінген.
Коронавирус пандемиясы кезеңінде оқыту барысының қашықтықтан оқыту технологиясына көшуде сапалы білім беруді қамту үшін 300-ге дейінгі оқушылар санымен 18 мектеп штаттық режимде жұмыс жасауда, 6 мектеп – қашықтық форматында, 1 мектеп – аралас оқыту жүйесінде. BILIMLAND.KZ «Online Mektep» білім беру платформасымен шарт жасалған, ол дәстүрлі мектептің барлық қызметін қамтиды.
Оқу кабинеттерін жаңа заманғы құралдармен жабдықтау үлесі 2019 жылы жалпы санынан 19%, 2020 жылы 22,4% құрады, Шортанды №3 орта мектебінің Ресурстық орталығы үшін робототехника элементінің 5 кешені, 5 дана интерактивті тақта, 4 дана көпқызметті құрылғылар жалпы сомасы 5,010,000 мың теңгеге сатып алынды. Сонымен қатар 60 компьютерге компьютер паркі жаңартылды. ҚР Үкіметінің резервінен қашықтықтан оқытуды жетілдіруді ұйымдастыру мақсатымен ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында 1119 бірлік компьютерлік техника, 938 ноутбук, 103 планшет бөлінді.
