ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Комплаенс қызметі жұмысын ұйымдастыру бойынша «ҚПО Б. В.» озық тәжірибесі

2021 жылғы 26 қаңтарда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында комплаенс қызметтерді дамыту мәселелері бойынша онлайн семинар өткізілді.

Семинарға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» заң департаментінің басқарушы кеңесшісі Р. Байарстанов, сондай-ақ «ZOOM» бейнебайланысы арқылы облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты коммуналдық, білім беру және медициналық мекемелерінің өкілдері қатысты.

Н. Самет квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейімділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екендігі туралы ақпараттандырды.

Өз кезегінде Р. Байарстанов компаниядағы комплаенс үдерістерін цифрландыру, мүдделер қақтығысы фактілерін тіркеу, сыйлықтар беру мен назар аудару, сондай-ақ кәсіпорында шағымдар тіркелетін жедел желі қызметі және тағы басқалар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, спикер квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жеке компанияларда комплаенсті енгізудің артықшылықтары туралы атап өтті.

Онлайн семинарға «ZOOM» қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы 100 - ден астам тыңдаушы-комплаенс өткізуге жауапты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты.