Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерге қол жеткізу жағдайында сот орындаушыларының әділдігін қамтамасыз етудің проблемалары
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен бірлесіп «Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерге қол жеткізу жағдайында сот орындаушыларының әділдігін қамтамасыз етудің проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға сот орындаушылары,«Нұр Отан» партиясы филиалының, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» РҚБ филиалының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Жұбаныш ҚР еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы баяндады. Спикердің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде кешенді және жүйелі шаралардықолдану қажеттігін туындатты.ҚР Ұлттық Банкі Батыс Қазақстан филиалы өкілі Б.Бабенов қатысушыларды банктік құпиялар және оны банк қызметкерлерімен сақтау мәселелері жөнінде ақпараттандырды.
Сот орындаушылары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу туралы БҚО Әділет департаментінің басқарма басшысы А.Тукашева баяндады. Сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы филиалы және«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» РҚБ филиалының өкілдерісыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы өз қызметтері жөнінде ой бөлісті.
Шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тек мемлекеттік қызметте ғана емес сонымен бірге, жалпы қоғамда қалыптастыру мәселелері бойынша өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
