Колледж ұжымымен кездесу
Бүгін Nur Otan партиясының үгіт насихат жұмыстарын жалғастыру мақсатында Сырым аудандық штап мүшелері кандидаттыққа үміткер Дарғожиев Талғат, Ойшыбаева Айнагүл және облыстық маслихатқа үміткер Нурмуханов Ғаниматтың сенім білдірген өкілі ардагер ұстаз Батыршин Ахмет аудандық колледждің ұжымымен кездесіп қайтты. Кездесу барысында Талғат Мұратұлы паритяның сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Сайлаудағы өзгешеліктер мен бағдарламалардың орындалу барысын жіті түсіндіріп өтті. Колледждің басшысы Санат Дәленұлы келген қонақтарына өз алғысын білдіріп, ұжымының сайлауға бір кісідей қатысатынына сенім білдірді. Колледждегі педагогтардың қозғап жүрген жатақхана мәселесінің оң шешімін табуға сәтін салсын деп тілейміз.
