Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорымен қамтамасыз ету тәртібі
Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. Есту қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ОЖБ әзірлеу кезінде МӘС мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы № 26 бұйрығымен бекітілген (03.03.2021 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен) "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығын басшылыққа алады.
Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ұсынудың медициналық көрсеткіші кохлеарлық имплантациядан кейінгі жағдай болып табылады.
Заңда сөйлеу процессорын бұрын орнатылған (ауыстырылған) кохлеарлық импланттарға ауыстыру мерзімдері оларды орнатқан (ауыстырған), алған күннен бастап 5 жылдан ерте ауыстырылмайды.
Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын қамтамасыз етуге ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу (түзету) үшін мынадай құжаттар қажет: 1) кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыруға ұсыныспен медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (031/у нысаны) (мүгедектің тіркелген жері бойынша медициналық ұйым толтырады); 2) салыстырып тексеру үшін куәландырылатын адамның жеке куәлігі.
***
Специалистами медико-социальной экспертизы разрабатываются индивидуальная программа реабилитации (ИПР) инвалида. При разработке ИПР для инвалидов с нарушением слуха, специалисты МСЭ руководствуются Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан «О некоторых вопросах реабилитации инвалидов», утвержденным Министром труда и социальной защиты населения РК от 22.01.2015 № 26 (с изменениями и дополнениями от 03.03.2021 г.)
Медицинским показанием к предоставлению речевого процессора кохлеарному импланту является состояние после кохлеарной имплантации.
Законом определены сроки замены речевого процессора к кохлеарным имплантам, установленные (замененные) ранее, заменяются не ранее, чем через 5 лет с даты их установки (замены), получения.
Для разработки (коррекции) социальной части ИПР на обеспечение речевого процессора к кохлеарному импланту необходимы следующие документы: 1) заключение на медико-социальную экспертизу (форма 031/у) с рекомендацией на замену речевого процессора кохлеарному импланту (заполняет медицинская организация по месту прикрепления инвалида), 2) удостоверение личности освидетельствуемого лица для сверки.
