Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кітаптың көмегімен тәрбиелеу

2016 жылдың 22 қарашада қоғамда сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениет және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа расы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Кітаптың көмегімен тәрбиелеу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес жұмысына Департамент өкілдері, кітапхана басшылығы мен қызметкерлері және оқырмандар қатысты.

Шара қатысушыларының алдында Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы М.Харесова баяндама жасап, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі бағыттарын түсіндіріп, семинар-кеңеске қатысушылардың назарларын оқырмандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігіне аударды. Сондай-ақ, шара шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кітап көрмесі көрсетілді.

             
0
0
379

Осы тақырып бойынша

Кітаптың көмегімен тәрбиелеу - Yvision.kz