Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кітапханамызға келетін 2021 жылғы мерзімді басылымдардың тізімін ұсынамыз!

Құрметті, аудандық орталық модельді кітапхана оқырмандары! Сіздердің назарларыңызға кітапханамызға келетін 2021 жылғы мерзімді басылымдардың тізімін ұсынамыз!

Осы орайда, Сіздерге соңғы кезде бірнеше ай көлемінде, қазақ тіліндегі газеттерде ең көп жазылып, жиі талқыланған тақырыптар төмендегідей: сыбайлас жемқорлық мәселесі, тіл мәселесі, цифрлы Қазақстан, латын әліпбиі, заң мәселесі.

Кітапханамызға келетін газеттер саны 19, оның ішінде 14 қазақ тілінде, ал журналдар саны 24, оның ішінде 19 қазақ тілінде. Кітапханамызға келіп, қызықты мақала мен қазіргі көп талқыланған тақырыптардың өзектілігі мен шешілу жолы туралы оқуларыңызға болады.

Алдағы уақытта Сіздердің назарларыңызға кітапханамызға келіп түсетін журналдар туралы ақпарат беріледі. Газет оқу арқылы рухани байлығымызды көтеріп, сауаттылығымызды ашайық!

0
0
290

Осы тақырып бойынша

Кітапханамызға келетін 2021 жылғы мерзімді басылымдардың тізімін ұсынамыз! - Yvision.kz