"Кітап-сарқылмас рухани қазына" атты кітаптар көрмесі өтті.
Сәкен Сейфулин атындағы бұл кітапхана Алматы облысында орналасқан ең ірі ақпарат орталығы болып саналады. Жалпы кітапхананың кітап қоры 140 мың дананы құрайды, оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны 25 мың. Сондай-ақ облыстық әмбебап кітапхананың Талдықорған қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімі де құрылған.
