"Kitap Fest - 2020 " фестивалі.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау» күніне орай «Kitap Fest - 2020» кітап фестивалін өткізді.
Кешке арнап «Кітап-рухани қазына» атты кеңейтілген кітап көрмесі жасалынып, көрмеге 115 кітап қойылды.
Фестивалдің мақсаты, кітаптарды насихаттау, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Жастардың кітап оқу мәселесі бойынша актуалды сұрақтар талқыға салынды. Кеш қонақтарымыз өздері оқыған сүйікті кітаптарын оқырмандарға ұсынып, өз пікірлерін білдірді. Шара барысында қонақтар «Кітапхана - жастар көзімен...» атты кітапхананың әдіскері Сатенова Гүлжазира өз ой пікірін білдіріп биылғы 2020 жылғы қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жаңадан түскен Абайтанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлының 10 томдық «Абайтану» атты кітаптарын оқуға ұсынды.
