Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кітап-алтын қазына»

"Кітап-алтын қазына» Құрметті достар! 11 желтоқсан күні Медеу ауданындағы "Nur Otan" партиясының жаңа сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Мәселен, "Nur Otan" партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Әйгерім Жақсылық пен Тимур Нұртаев ҚР Ұлттық Кітап палатасы РММ ұжымымен онлайн кездесу өткізді. Орталық Азия инвесторлары және бизнес-періштелер клубының қатысушысы ретінде Тимур Нұртаев қатысушыларға Hero Study Space жобасы туралы айтып берді.

Бұл оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған платформа, ол 3 бағытқа бөлінеді: 1) Hero Study Space студенттер мен түлектердің оқу процесін автоматтандыру үшін; 2) Hero Study Workspace ЖОО-ның, факультеттердің операциялық қызметін басқару үшін; 3) Hero Study Human Recourses ЖОО персоналын басқару үшін. Нұротандықтардың айтуынша, бұл жүйе бүгінде қазақстандық және украиналық жоғары оқу орындарында, соның ішінде ҚБТУ, Каспий және Атырау университеттерінде енгізілуде. Платформа оқу орындарының қызметін сандық басқару үшін қызықты кешенді шешім ұсынады. Бұл бағыт сұранысқа ие және іс жүзінде нарықта ұсынылмаған. Оның пікірінше, білім беру саласы бизнесті құру үшін ең перспективалы салалардың бірі болып табылады. Партияның тағы бір жаңа тұлғасы Алматы хайуанаттар бағындағы халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылық. ҚазҰАУ түлегі, ветеринария ғылымдарының магистрі, 2 курс докторанты, Нидерланды, Швейцария университеттерінде оқудан өькен. Өткен праймеризде 6 орын алды. "Ғылыми жұмыспен айналыса отырып, ғылыми еңбектерді жариялаудың маңыздылығын түсінемін", - дейді Әйгерім Жақсылыққызы. "Nur Otan" партиясының бағдарламасында дуалды оқыту, кәсіптік бағдарлау жұмысы арқылы жастарды маман ретінде дамыту үшін мүмкіндіктер көзделгені өте маңызды, бұл білім беру сапасын арттыруға және белгілі бір мамандардың тапшылығын жабуға мүмкіндік береді. Партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген мүмкіндіктер қалада ғылымды дәріптеуге алып келеді, бұл біздің жас ғалымдарымызға өз еңбектерін халықаралық деңгейде жариялауға мүмкіндік береді", - деді Әйгерім Жақсылық. Біз тек бірге нәтижеге қол жеткіземіз! Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды! БІЗ БІРГЕМІЗ!

0
0
190

Осы тақырып бойынша

"Кітап-алтын қазына» - Yvision.kz