Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кішкене тыңда

600-630 жж адамдар, 1460 жылдардағы адамдар мен бізді салыстыруға мүлде келмейді. Қазақ десе ішкен асын жерге қояр түркі халықтары біздің тарихымыз бен өркениетімізден түгел хабардар. Ең қадірі асқақ тұратын ар мен намыс, ұят, мейірімділік пен қамқорлық, жеке емес барша қауымның қамын ойлау сынды ардақ тұтар қасиеттеріміз қайда? Бүгінде "ұялы ақпарат құралдарын қолданамыз"-деп, олардың бізді өз ұясына алып бара жатқанын байқағанымызбен оған қарсы бір де іліп алар іс жасап жатқанымыз шамалы. Алыстағы ағайыннан қасыңдағы көршің артық - деген керемет сөздің түп-тамырын көбіміз түсінбейміз. Кезінде алыстағы ағайынынан да хат-хабар алысып тұрған қазақ едік(көршісімен қалай берік болғанын айтпай-ақ қоюға болады), ал қазір көршісінің есімін де білмейтін қазақ болдық. Мейірім - сөзі бәрімізге де таныс, қазір "ол қалай көрінеді? Оны қалай білесіз?" деп сұрайын, бәрі де керемет етіп жауап берер, бірақ соны күнде көре алатын адам бар ма екен? Білесіз бе, сізді қазір "қашан телефонын орнына қояр екен? Мен оған мынаны айтқым келеді, мынаны көрсетейін" - деп күтіп отырған бір жүрегін мақтадан жұмсақ бір жан бар. Ол әр адамда әркім, әр түрлі адам. Біреуі анасы, сіңлі-қарындасы, балалары немесе әрқашан да кутер жан-жолдасы. Оларға сізден артық ештеңе де керек емес. Сіз және сіздің 20 минут уақытыңыз.

2
0
193

Осы тақырып бойынша

Кішкене тыңда - Yvision.kz