Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кіші және орта бизнесті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгінгі таңда елімізде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Бизнес – аймақ» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетілуде.Осыған орай, бүгін, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында «Атамекен» ҰКП аудандық филиалы директоры Ұлыбек Өтегеновтың басшылығымен аталмыш бағдарламалар аясында жас кәсіпкерлерге кеңес берді. Шыны керек, бизнеске жаңа қадам басушы жас кәсіпкерлер үшін арнайы мамандардың ақыл-кеңесі ауадай қажет. Өйткені, олар жоспар құрудың өзінде бірқатар кедергілерге тап болып жатады. Ал, бұл бағытта өзге елдердің тәжірибесіне аналитикалық зерттеулер жүргізіп, өз мамандықтарының қыр-сырын толық меңгерген арнайы мамандар үлкен жобаны талдап қарастыру, бизнес жоспарды тиімді әзірлеу және қажетті құжаттарды реттеу секілді жұмыстарды бүге-шегесіне дейін түсіндіруге тырысты. Бұл орайда аудан тұрғындары кеңес берушімен жеке-жеке әңгімелесіп, өздеріне қажетті мәліметтерге қанықты.Жас кәсіпкерлердің бірі ғимарат сатып алып, цех ашқысы келсе, енді бірі ауылшаруашылығының дамуына үлес қоспақшы. Қайсыбірін атасақ та, бизнеске қадам басуға ниетті тұрғындардың ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын өркендетуге атсалысып жатқаны байқалады.

0
0
175

Осы тақырып бойынша

«Кіші және орта бизнесті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды - Yvision.kz