Кіріспе)
Ассалаумағалайкум! Менің есімім Ілияс. Мен 1995 жылы Көкшетау қаласында тудым. Қазір Алматы қаласында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінде оқимын, 2-ші курсты бітіріп жатырмын. Мамандығым-мұнай және газ ісі.
Бұл блогтың мақсаты-ана қазақ тілімнің деңгейін жақсарту. Мұнда өмірімнің қызықты оқиғаларын, өз пікірімді және пайдалы нәрселерін жазамын. Сендерге өтініш - қателерім болса, мені түзетіңдер, өйткені тек ешнәрсе істемейтін адам ғана қателеспейді. Егер сұрактарың болса, ұялмай жазыңдар;)
