ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әкімшілік тәжірибе

1

2017 жылы 16 қаңтарда Қостанай қаласында мамандандырылған әкімшілік сотында «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары» ММ-нің басшысы Е.А.Раисовтің оған 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаны салумен, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпегені үшін, ҚР ӘҚтК 83 бабының 1 тармағының 1 тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымы қаралды.

Сотта шағымды қарау барысында шынымен «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары» ММ ғимараты  халықтың қауқары аз топтары үшін бейімделмеген, ғимаратқа кіруді блоктайтын биіктігінің үлкен ауытқуы, пандустың бұрышы көлбеуге сәйкес келмейді, және баспалдақта тұтқалар мен жақтаулар жоқ.

Жоғарыда жазылғанның негізінде Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары» ММ басшысы Е.А.Раисовті ҚР ӘҚтК 83 бабының 1 тармағының 1 тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Қаулысы - өзгеріссіз қалдырылды, шағым – қанағаттандырусыз.