Әкімшілік айыппұлдардың уақтылы және толық өндірілуін қадағалау
Әкімшілік заңнаманың қолданылуын қадағалау барысында Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары осы жылдың 7 айында 48 тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша 2492 бұзушылық анықталды, прокурорлар заң бұзушылықтарды жою туралы 35 ұсыныс енгізді, прокурорлардың 117 наразылығы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың 347 заңсыз қаулылары бұзылып, өзгертілді. Заң бұзушылықтарға жол берген 46 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
