Үкімет басында 99% қазақ отырып, басқа елдің тілінде сөйлейтін мемлекетті кім силайды?!
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа
Қордайдағы оқиға, ұлттық саясаттың, ұлттық идиологияның жоқтығын көрсетті! Себебі, сепаратистік пиғыл, өзі тұрып жатқан мемлекеттің тілін, мәдениетін, әдебиетін білмегендіктен қапыптасқан силамаушылықтан туындайды. Оның басты көрінісі - мемлекеттік тілдің аяқ асты болуы. Ал тіл, қандай мемлекеттің болса да негізгі діңгегі.
Осыған байланысты, талап етеміз:
1.Мемлекеттік қызметке, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген азаматтардың қабылдануын.
2.Мемлекеттік қызметтегі азаматтардың, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру үшін емтихан қабылдауды.
3.Мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы мөлшерін, мемлекеттік тілді меңгеру мөлшеріне байланысты тағайындауды.
4.Бір жыл ішінде мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгермеген қызметкерлерді, қызметтен босатуды.
5.Халыққа қызмет көрсететін жеке меншік кәсіпорындарының қызметкерлеріне, мемлекеттік тілді білуді міндеттеуді.
6.Мемлекеттік мекемелерге жазылатын барлық құжаттардың (өтініш, арыз т.б.) мемлкеттік тілде жазылуын талап етуді.
"Азаматтық қоғам орталығы" Қоғамдық бірлестігі
Осы әділ талаптарды қолдасаңыз, достарға таратыңыз!
