Кезекті семинар өтті

А.ж. 5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметшілеріне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы кейбір ҚР заңнамасының актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дәріс өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы, конкурс өткізу мәселелері және заңнаманы білу тестілеуінен өту бойынша ақпарат берілді.

Бұдан басқа "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Қатысушылардың барлық түскен сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.
