Кезекті кездесу
Бүгін Райымбек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Құдабаев Ерлан және Шәкенов Нұрбақыт Қызылшекара ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының алдымыздағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспары, яғни 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы қысқаша таныстырылды. Сонымен қатар,үміткерлер партияның алға қойған мақсаттарын және осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын атап айтты. Бұдан бөлек, үміткерлер өзінің сайлауаға қатысты мәліметтерімен бөлісіп, сайлаушылар тарапынан қойылған әрбір сұраққа баса назар аударып, түсінікті түрде жауап берді, өз ойларымен бөлісті. Алдағы сайлауда белсенділік танытып, партияға дауыс беруге шақырды.
