Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кезектен тыс ХХХІІ конференция өтті

Жиынға “𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧” партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шәкір Кейкин төрағалық етіп, конференцияның өкілеттілік нормасына сай 1880 партия мүшесінен 50 делегат қатысты. Олардың қатарында аудандық  партия филиалы Саяси Кеңесінің және Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, партия ардагерлері, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «𝐉𝐚𝐬 𝐎𝐭𝐚𝐧» жастар қанатының белсенділері болды. Кеш барысында «𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» партиясының аудан бойынша  2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді. Одан әрі облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылған кандидаттар пікірсайыс арқылы анықталды. Қорытынды бойынша Сәлімжан Нақпаев - 44 дауыс, Айбол Долдашев - 15, Абзал-Сенбі Самаликов - 36, Әділбек Идиятов - 30 дауыс жинады. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың партиялық тізіміне 24 адам бекітілді. «𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясына делегаттар сайланып,  партияның аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Аудан әкімі Шәкір Кейкин ауданда Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын өткізу үшін «𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» партиясының аудандық сайлауалды штабы құрылғанын жеткізді. Аталмыш штабтың төрағалығына аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагуловтың кандидатурасын бекіткенін жеткізді. Сондай-ақ, аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасарына ”𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧” партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсел Қаржауова бекітілгенін айтты.   Шара барысында конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, хаттама толтырылды.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Кезектен тыс ХХХІІ конференция өтті - Yvision.kz