Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат...

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, мәдениет және құрылыс бөлімі мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Б.Жүсіпов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Сарбалаев, А.Ордабаева, А.Жұмалиевтің сенімді өкілі О.Морханов қатысты. Жиында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның жетістіктерімен бөлісіп, халықтың тұрмысы, денсаулығы, білімі басты назарға алынғанын жеткізді. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Сонымен бірге Тиген, Тасмұрын ауылдарына газ құбырын тартуға конкурс жүргізілуде деген жағымды жаңалықпен бөлісті.

Осы тақырып бойынша

Кездесуге Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат... - Yvision.kz