"Кешегі тарих - ертеңгі болашақ"
2019 жылғы 20 желтоқсан күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А.Шабдар, облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев және департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев Облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды.
Музей 1832 жылы мектеп мұғалімі М.К.Курилиннің ұйымдастыруымен ашылған. Атақты орыс ғалымдары Г.С.Карелин, Н.С.Северцев, Л.С.Берг музейді ұйымдастыруға ат салысқан.
Музей ғимараты 1879 жылы орыс-қырғыз /қазақ/ мектебі үшін шығыстық сәулет өнері бойынша салынған. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейіне берілген.
Қонақтар Археология, орта ғасырлық Алтын Орда кезеңінің және Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихына арналған залдарында болып, музей қоры жәдігерлерін, оның ішінде қазақ халқының қол өнер туындылары, тұрмыстық заттар, батырлардың ер-тұрмандары мен сауыт-саймандары, хандардың билік белгісі-асатаяқ, ханша Фатиманың камзолының көшірмесін, Кіші жүз хандарының портреттерін тамашалады.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі-өнер мен мәдениеттің алуан түрлі ескерткіштерін сақтау қоры.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен білім беру ісіне өз үлесін үнемі қосып отырады.
