Кент тұрғындарының сұрақтарына жауап берді
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Рустамжан Мамаджанов және Татьяна Притыковская Солнечный кентінің тұрғындарын «Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. ZOOM-конференциясы барысында кандидаттар кент тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Кандидаттар «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануды қажет санайтынын атап өтті. Олар өңірде 51 мыңға жуық отбасы тұратынын және оның ішінде 1100 отбасы көпбалалы екеніне көңіл аударды.
Сонымен қатар партия алдағы бес жылдағы өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты спортпен жаппай айналысуға тартуға бағдарланатынын және мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуға ерекше назар аударылатынын айтты.
Солнечныйдың тұрғындары кентте балалар және спорт алаңшаларын орналастыру, жол жөндеу, баспанамен қамтамасыз ету жөнінде сұрақтар қойды.
«Nur Otan» партиясы ЕҚФ Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
