"Кенші деген абыройлы атқа лайық болуға тырысамыз"
«Белсенді жастар» акциясының бүгінгі қатысушысы — «Богатырь Көмір» ЖШС Энергиямен жабдықтау дирекциясының үйлестірушісі Дмитрий Дашко.
28 жасар партиялас кәсіпорынның Біріккен Жастар Қозғалысының белсенді мүшесі. Бос уақытында спортпен айналысады. Еріктілер тобының қатысушысы.
— Бірінші кезекте, жас маман өзінің кәсібін жақсы игеруге үлкен көңіл бөлу керек, — дейді Дмитрий. — Ол үшін талмай еңбек етіп, кәсіби шеберлігіңді арттырып, жаңашылдыққа ұмтылу керек. Кәсіпорынның болашағы жастардың қолында екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан кенші деген абыройлы атқа лайық болуға тырысамыз.
