Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Келіп түскен әрбір қоңырау бізге өте маңызды!

А.ж. 27 шілдесі күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев «Skype» бейне-қосымшасы арқылы азаматтардың кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде Кызылжар ауданының тұрғыны Д. Закирин қоңырау шалып, Жастар бастамалары орталығының басшысы бола отыра, кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

Өтініш түсірген тұлғаға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатыны туралы толық түсіндірме берілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның тұрғындармен аталмыш тәсіл арқылы байланыс орнатудың мақсаты - мемлекеттік органның ашықтығы мен айқындығын, халықтың құқықтық сауатын арттыру, облысымыздың шалғай орналасқан елді-мекендеріндегі тұрғындардың өзекті мәселелерін анықтау болып табылады.

Департамент аумақ азаматтарын белсенділік танытуға шақырып, онлайн қабылдаулар тұрақты түрде, ай сайын әр айдың соңғы бейсенбісінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өткізілетінін ескертеді.

 
0
0
408

Осы тақырып бойынша

Келіп түскен әрбір қоңырау бізге өте маңызды! - Yvision.kz