Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.

Тарих қойнауына енгелі тұрған 2020 жыл Қазақстан Республикасы үшін оңай болмады. Алайда, қазақ халқы тағы да өзінің күштілігін дәлелдеп, ел басына түскен қиыншылықты қасқая тұрып жеңіп шықты. Біз ажырамас бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында әлі талай сын-қатерлерден сүрінбей өтеріміз анық.

Біз, "Nur Otan" партиясы Жаңа 2021 жылға өрелі жоспарлармен қадам баспақпыз. Біздегі басты мақсат - туған жердің дамуына жаңа серпін беретін партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасын жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы межеге жетуде Сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз.

2021 жылы армандар орындалып, әрбір үйде молшылық, береке-бірлік орнап, Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан гүлденіп өркендей берсін. Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі тілекпен: "Nur Otan" партиясының Нұра аудандық филиалы

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз! - Yvision.kz