Келе жатқан оқу жылы көптеген жаңашылдықтарға толы болмақ
Келе жатқан оқу жылы көптеген жаңашылдықтарға толы болмақ. Солардың біршамасымен таныс болайық.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бастауымен биылғы жылдан бастап бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру жүйесімен білім алмақ. Бұл жүйе бойынша, енді оқушылар білімді үш тілде алатын болады. Нақтырақ айтсақ, химия, физика, биология, информатика пәндерін үш тілде оқыту жоспарланбақ, сонымен қатар қазақ тілінде де жаңа әдістемемен оқыту көзделіп отыр.
Келесі министрлікпен жасалған өзгерістердің бірі - бүкіл Қазақстан бойынша бірегей оқу материалдары. Аталған реформаға сәйкес, енді қала да, ауыл мектептері де бірдей кітаптармен оқитын болады. Білім және ғылым министрлігімен жасалған кейнгі көзге түсерлік реформаға сәйкес, бүкіл Қазақстанға бірігей мектеп формасы болмайтын болды. Яғни, мектеп қабырғасында киілетін форманы таңдау құқығы ата- аналар, оқушылар мен мектеп ұжымына берілетін болды. Аталған өзгерістер еліміздегі білім беру сапасының артуына қолдау жасайтындығы мәлім. Ендігі кезекте олардың сәтті іске асуын тілейміз.
